Германияның Гельзенкирхен қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды штаты) Владимир Ильич Ленинге ескерткіш орнатылды. Германияның марксистік-лениндік партиясының (MLPD) Гельзенкирхенде орналасқан штаб-пәтері алдында әлемдік пролетариат көшбасшысының ескерткіші пайда болды.
Мүсін 1957 жылы Чехословакияда салынған және бұл Чехословакиядағы ең алғашқы Ленин ескерткіші болды. Біз оны ebay арқылы австриялық сатушыдан сатып алдық. Сатып алғаннан кейін орнатуды ұйғардық, өйткені Батыс Германияда әлі бірде-бір Лениннің мүсіні жоқ, - деді партияның ресми өкілі Питер Вайспфенинг.
Лениннің мүсінін орнатудың себептері туралы партияның пресс-релизінде:
«Бұл Еуропадағы түрлі оңшыл үкіметтердің коммунизмді нацизммен теңестіріп, Гитлер мен Сталинді Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына жауапты қылып, жақында тарихты қайта жазуына жауап болды».
Питер Вайспфенинг марксистік-лениншілдер қалада мүсіндерді орнату туралы онлайн-сауалнама жүргізгенін және оның қатысушыларының 68% -ы қолдағанын атап өтті.
Басып шығару