AnGes компаниясы мен осака университеті тізе қосып жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаны жануарларға сынау сәтті өтті. Бұл туралы The Nikkei газетінде жазылды.
Газеттегі мәлімет бойынша, сынақ нәтижесінде тәжірибеге арналған жануарлар өздерін жақсы сезініп, ешқандай кері әсері болмаған. Адамдарға вакцинаны сынап көру шілде айына жоспарланып отыр. Бұл сынаққа он мыңнан аса адам қатыспақ. Қыркүйек айына қарай жапон ғалымдары вакцинаны қолдану ауқымын кеңейтпек.
Қазір әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның он шақты түріне сынақ жүргізілуде. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ маусым айында өтетін халықаралық саммитте коронавирусқа қарсы вакциналарды патенттеу бойынша арнайы ұйым құру туралы ұсынысын жеткізетінін мәлімдеді.
Қазір әлемде коронавирус инфекциясын 5,4 миллион адам жұқтырып, 340 мың адам қаза тапқан.
Басып шығару