Трамп коронавирус вакцинасының жасалатын уақытын айтты

  • 04 май, 09:02
  • Көрілім: 314


АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусты жеңетін вакцинаның нарыққа шығатын уақытын айтты. 

«Меніңше, бізде коронавируса вакцинасы жыл соңына қарай дайын болады», - деді Трамп сұхбатында. 

Оның айтуынша, ел билігі барлық мүмкіндікті қамти отырып жылдам жұмыс істеуге, ғалымдар дәрілердің құрамын салыстыра отырып, рұқсат етілген және етілмеген екенін анықтауда. 

Айта кетейік, біршама уақыт бұрын АҚШ-тың Аллергиялық және инфекциялық аурулар ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи мемлекет басшылығы коронавирус вакцинасын 2021 жылдың қаңтар айына қарай пайда болатынын айтқан. 

Соңғы дәйектерге сүйенсек, АҚШ-та 1,15 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып, 67,4 мың адам қайтыс болған. 

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру