Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров ауыр жағдайда жатыр.
Рамзан Кадыровтың өкпесі қабынып, коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізген.
Түрлі дереккөздер пікірінше, Кадыров инфекцияны екі-үш апта бұрын жұқтырған. Дегенмен, оны дәрігерлер тұмау деп есептеген екен.
Инфекция жұқтырғаннан арада бір апта өткенде елдің бірінші тұлғасы өзін нашар сезіне бастаған. Кеше Кадыровты Мәскеуге жеткізгені туралы ақпарат тараған еді.
Рамзан Кадыровтың өзі карантин режимін бұзғандарды қатаң жазалауды тапсырған еді. Десе де, ауру атақ талғамайды...
Басып шығару