Әуе компаниясы пандемия кесірінен банкрот жариялады

  • 12 май, 09:27
  • Көрілім: 418

Коронавирус пандемиясы ұшақтарды әуежайға қаңтарып қоюға мәжбүр етті. Алдын ала сатылған билеттер қайтарылып, компаниялар үлкен шығынға батуда. Міне, әуе компанияларының алды банкрот жариялай бастады. 

Колумбияның ең ірі әуе компанияларының бірі «Авьянка» пандемия кесірінен банкрот жариялады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында материал шыққан. 

Компания басшылығы бизнесті қайта ұйымдастырмақ. Мұндай шешімді қабылдау себебін жолаушының жоқтығымен түсіндіреді. Дегенмен, компания өз тұтынушыларына соңына дейін қызмет көрсетуге ниетті. 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру