Қытайдан тараған қауіпті вирустың әлем халқын сандалтқаны рас. Бүгінде әлемнің ең бай адамдары коронавирустың кесірінен 444 миллиард доллардан айырылып отыр.
Ең үлкен шығынға ұшырағандар: Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос, Microsoft корпорациясының құрылтайшысы Билл Гейтс, LVMH компаниясының президенті Бернар Арно. Аты аталған кісілер 30 миллиард доллардың орынын сипап қалыпты.
Коронавирус Tesla-ның егесі Илон Масктің қалтасын да біршама жұқартып тастапты. Апта ішінде ол компания акциясының арзандауының кесірінен тоғыз миллиард долларынан айырылған. Facebook-тің негізін салушы Марк Цукерберг те бір жеті ішінде 6,5 миллиард доллар шығындалған.
Бұл қаражаттың сыртында әр мемлекеттің қауіпті вирус таралуының алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан түрлі шараларына бөлетін ақшасы тағы бар. Коронавирус әлем үшін қымбатқа түсті...
Басып шығару