Гонконг билігі барлық азаматтарға көп реттік масканы тегін таратуға бейіл. Айтуларынша, бұл шараны коронавирустың таралуының алдын-алу мақсатында жасап отыр-мыс.
South China Morning Post газетінің дерегіне сүйенсек, сапасы жоғары, бірнеше мәрте қолдануға жарайтын масканың 7,5 миллион данасын билік халыққа тегін бермек. Масканы алу үшін поштада онлайн-тіркеуден өту керек.
«Біз әрбір азаматта сапалы болғанын дұрыс санаймыз. Тарату жұмыстары соңына жетіп қалды», - дейді Гонконгтің Инновация және технология департаментінің басшылығы.
Сонымен қатар, елдің көптеген азаматтары бұл шараны уақытыл жасалмады деп санайды. Өйткені, Гонконгта 1039 адам инфекция жұқтырып, 4 адам қайтыс болғанымен, екі аптадан бері жаңа науқас тіркелмеген.
Бүгіннен бастап бұл елде де карантин шараларын сатылы түрде алып жатыр. Енді азаматтарға көшеге шығуға, қыдыруға рұқсат берілмек.
Басып шығару