АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтар мен америкалық экономика үшін 2,2 триллион доллар қаражат бөлу туралы заңға қол қойды.
«Мен жаңа ғана халыққа және экономикаға қолдау көрсету үшін алдыңғы көмектен екі есе көп экономикалық көмек пакетін енгізу туралы заңға қол қойдым. 2,2 триллион доллар біздің халқымызға, бизнеске және елімізге пайда әкелуі тиіс», - деді Трамп.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын АҚШ президенті әйгілі General Motors компаниясына коронавирус кезінде науқастарға медициналық көмек көрсететін вентиляциялық құрылғылар жасауға тапсырма берген-ді.
Басып шығару