Әлемдік ЖІӨ өсімі тек 1,2% құрайды.
Bloomberg сарапшылары коронавирустың әлемдік экономикаға әсерінің төрт жолын ұсынды.
Әлемдік экономика COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты 2,7 триллион АҚШ долларына дейін (2,38 трлн евро) құлдырауы мүмкін. Мұндай мәліметтер Bloomberg сарапшыларының 7 наурыз, яғни, сенбі күні шыққан болжамында келтірілген.
Бұл Ұлыбританияның жалпы ішкі өніміне тең, дейді олар.
Егер ауру тараған Қытай мемлекеті жағдайды өз бақылауына алса, аталған аурудың бүкіл әлемге және әлемдік экономикаға тигізетін әсері аз болады, дейді сарапшылар.
Бірақ егер ҚХР билігі COVID-19-ны жеңе алмаса және Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Германияда, Италияда және Францияда аурудың үлкен ошақтары пайда болса, онда 2020 жылғы әлемдік экономика тек 2,3% өседі.
Вирустың жаңа түрі пайда болмас бұрын, Bloomberg экономикалық өсім 3,1% болады деп болжаған.
Сарапшылардың үшінші пікірі бойынша ауру наурыз айының басында барлық мемлекеттерде кеңінен тарайды деп болжайды. Бұл жағдайда әлемдегі ең ірі он экономика бәсеңдейді, өйткені олар инфекцияның таралуына қарсы күреседі, дейді зерттеушілер.
Олардың айтуынша, ЖІӨ-нің ғаламдық өсімі 1,2 пайызға жетеді, еуроаймақ пен Жапония рецессияға ұшырайды, ал АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі өсуі мүмкін. Соңғы нұсқа жаһандық COVID-19 індетіне қатысты.