Америка Құрама Штаттарының билігі коронавирус індеті қарсаңында барша ересек азаматтарға 1000 доллар көлемінде қаражат бермек.
Сондай-ақ, әрбір балаға 500 доллар бұйырады. Мұндай шешімді Дональд Трамптың әкімшілігі қабылдаған. Мақсаты – эпидемия кезінде АҚШ экономикасына қолдау көрсету. Жалпы сомасы 500 миллиард доллар беру қарастырылыпты.
Айта кетерлігі – егер дағдарыс үш аптадан соң ауыздықталмаса, азаматтар тағы да осындай көлемде жәрдемақы алады.
АҚШ-та осы сағатта 10 767 адам коронавирус жұқтырып, 160 адам қаза тапқан.
Басып шығару