Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Америка Құрама Штаттарының Иранға қатысты саясатын сынап, мәлімдеме жасады.
Трюдоның айтуынша, АҚШ Канадаға ирандық генерал Касем Сулейманиді өлтіргелі жатқаны туралы ескертпепті. Ал Оттава өз кезегінде мұндай ескертулерге құлақ асатын еді дейді.
«АҚШ шешімді өзі қабылдайды. Біз халықаралық күрделі мәселелерді шешу үшін жұмыс істегіміз келеді. Бірақ кей мемлекеттер өз одақтастарына ескертпей, қадам жасап жатады», - дейді Трюдо.
Оның айтуынша, осы қақтығыс болмағанда лайнердегі жолаушылар тірі болар еді.
«Менің ойымша, осы кикілжің болмағанда ұшақта болған канадалықтар қазір үйлерінде, отбасымен бірге болар еді», - деді премьер-министр.
Еске сала кетейік, Иран жерінде апатқа ұшыраған украиналық ұшақта Канаданың 57 азаматы болған.
Басып шығару