Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің басшылығы тұсында 1,7 триллион теңге жаратқанын мәлімдеді
Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.
Таратып айтатын болсақ:
2016 жылы 162,3 млрд.
2017 жылы 203,3 млрд.
2018 жылы 291,6 млрд.
2019 жылы 303,6 млрд.
2020 жылы 423,6 млрд.
2021 жылы 352,6 млрд.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған. Оған қатысты сатқындық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен бұрынғы орынбасарлары – «Арыстан» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин да ұсталды.
Басып шығару