Ұлттық қауіпсіздің комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты да билікті басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс басталды.
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке бұған дейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдік келтірілген.
«Аталған іс аясында билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды» деп хабарлады ҚР ҰҚК.
Бұл іс бойынша Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды.
Тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, 6 қаңтар күні президент Тоқаев ҰҚК басшысын отставкаға жіберген болатын. Екі күннен кейін Мәсімовтың мемлекеттік опасыздық бойынша айыпталып ұсталғаны туралы хабарланды.
Басып шығару