Компания директорлар кеңесінің шешімімен Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды.
ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйек айында «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.
Бұған дейін, 2019-2021 жылдар аралығы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, өндіріс жөніндегі басқарма мүшесі қызметін атқарды.
Айдын Айымбетов – ҚР ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан» ордені.
Басып шығару