Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Басқармасының және Директорлар кеңесінің шешімімен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бүгінгі күнге дейін бұл қызметті атқарып келген Қайрат Каматайұлы Шәріпбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Директорлар кеңесінің «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасымен келісілген шешімімен «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма төрағасы және «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Тасымалдау және маркетинг басқармасы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Компанияның бас директоры қызметін атқарып келген Сулейманов Рустам Эдуардович «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік басқару саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Ол еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі (2008 - 2009), «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі (2008), Президент әкімшілігінің басшысы (2004-2008), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі (2003-2004), Астана қаласының әкімі (1997-2003), Қазақстан Республикасы Футбол Федерациясының Президенті қызметтерін атқарған.
Басып шығару