Жаңа қызметке Джон Дудас жайғасты.
Бүгін Джон Дудас «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болған.
2018 жылғы мамырда қабылданған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі директорлар кеңесі құрамынан кетті. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, директорлар кеңесінің төрағасы көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Бұл жаңашылдықтар 2018 жылдың сәуірінде Елбасы бекіткен жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ мемлекет қатысатын компаниялар үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.
Басып шығару