Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қарқыны көпшіліктің көңілінен шықпай отырғаны белгілі.
Олимпиадада бас-аяғы 339 медаль сарапқа салынады. Әлемдік бәсекеде 33 спорт түрі қолданылуда. Медальдар саны Рио Олимпиадасына қарағанда әлдеқайда көп.
Олимпиада рейтингін 41 медаль жеңіп алған Қытай құрамасы бастап тұр. Екінші орында 28 медаль иеленген Жапония құрамасы. Үшінші орынды 45 медаль жеңген АҚШ құрамасы түйіндеп тұр. Ал көршілес Ресей құрамасының спортшылары 34 медаль алып, төртінші орынға көтерілді.
Қазақстан бұл рейтингте 60-шы орында тұр. Құраманы қоржынында әзірге үш қола медаль бар.
Басып шығару