Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов көз жұмды.
Жазушыны жақын танитын азаматтар ол кісінің коронавирус дертінен қайтыс болғанын айтты.
Қабдеш Жұмаділов – 1936 жылы 24 сәуір күні ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Жазушының «Жас дәурен» өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т.б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.
Фото: «Алаш айнасы»