Еске салайық, 19 ақпан күні Жаңатас қаласында қайғылы оқиға орын алды. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туылған кәмелетке толмаған бес бала болған. Әкесі жұмыста, анасы дүкенге кеткен. Балалар көмірқышқыл газына тұншығып бесеуі де қайтыс болды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу облысының әкімі қызметінен босатылды», - деп хабарлады облыс әкімдігі.