Қордайдағы қайғылы оқиғалардан кейін Президент Қордай ауданы әкімін, Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарды, аймақтық полиция бастығын қызметінен босатуды бұйырды.
«Жамбыл облысының Қордай ауданында адам шығыны орын алып, тұрғын үйлер мен азаматтардың мүліктері қирады. Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Сұлушаш Құрманбековті, Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөлені жұмыстағы елеулі кемшіліктері үшін қызметінен босатуды тапсырды»
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облыстық полиция басқармасының бастығы Арман Оразалиевті, Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Ахимбековті қызметінен босатуды тапсырды.
Қордай ауданының ауылдарындағы тәртіпсіздік салдарын жою үшін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев басқаратын үкіметтік комиссия құрылды. Сенбі күні Сапарбаев, ауруханаларды аралап, облыс тұрғындарымен әңгімелесті. Қайғылы оқиға құрбандарының саны 10-ға жетті.
Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарын қайтуға шақырды. Ауылдардағы жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілу үстінде.
Басып шығару