1 наурыз күні сағат 11: 00-де Алтынсара ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне осы ауданға қарасты Щербаков ауылында жеке үйден зорлық-зомбылық белгілері бар 84 жастағы ер адам мен 75 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Alau.kz сайтының хабарлады. Қостанай облысының тәртіп қызметкерлері екі зейнеткерді өлтіру фактісі бойынша тергеуді қолға алды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 31 және 32 жастағы күдіктілер ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.
«Шабуыл жасаушылардың бірі құрбандарды жақсы білетіндігі анықталды, өйткені ол бұрын осы ауылда тұрған. Күдіктілер облыс орталығынан ауылға зейнеткерлерді тонау мақсатында келген. Ақша талап ету барасында қылмыскерлер зейнеткерлерге пышақ жарақатын салған», - делінген хабарламада.