Елбасы праймериз қатысушыларының пікірталас және үгіт-насихат науқанында бірқатар идеяларды партия деңгейінде қабылдау керек екенін айтқан.
ҚР ТҰңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының праймеризіндегі онлайн дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
«Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризге онлайн дауыс беруге қатысты. Дауыс беру басталмас бұрын Елбасы жария пікірталастар мен үгіт-насихат науқанын бақылап отырғанын жеткізді. Елбасы праймериз қатысушыларының пікірталас және үгіт-насихат науқанында бірқатар идеяларды партия деңгейінде қабылдау керек екенін айтты», - деп жазды ол.
Айдос Үкібайдың айтуынша, Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді түрде қатысуға шақырды.
Басып шығару