Mazir
18 сен 11:44korilim:779 Sayasat

Бауыржан Байбек праймериз туралы пікір білдірді


Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияішілік праймериз қатысушылары туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 
«Әріптестеріммен бірге партияішілік праймериз қатысушыларының үгіт-насихат кездесуіне бардым. Елорданың Есіл ауданы бойынша 15 кандидат «Nur Otan» партиясының Орталық аппараты жанындағы бастауыш ұйымда өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. 
Іс-шара жарыс сипатында болғанымен, өзара сыйластық аясында өтті. Қатысушылардың әрбірін қолдауға тырыстым, кеңесімді беріп, мәселені нақтылай түсетін сұрақтар қойдым.
Үміткерлердің өздерін ұстауын, жұрт алдында сөз сөйлеуін тамашалау өте қызықты болды. Олардың барлығында дерлік қызықты да креативті бейнероликтері, өзіндік «артықшылықтары» бар. Тіпті кейіберулерінің үгіт бағдарламаларымен QR-код арқылы танысуға болады. 
Қатысушылар арасында қазір қызмет атқарып жүрген депутаттар да, саяси қадамын жаңа бастап жатқан жастар да бар. Сондай-ақ партия құрылған сәттен бастап мүше болып келе жатқандар да, таяуда ғана қатарымызға қосылғандар да кездесті. 
Әсіресе, бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа қоныс аударып, кейіннен елге қайта оралған азаматтың балалар мен жасөспірімдер арасында есірткінің таралуына қарсы күресі бойынша келтірген деректері мен ұсынған іс-шаралары жұртшылық назарын аударды. 
Өз бағдарламасында елорданы заманауи урбанистика қағидаттарына сәйкес дамыту мәселелерін өзек еткен ең жас кандидатқа «Болашақ» қауымдастығы қазақ тіліне аударған «Бақытты қала» деген жайлы қалалық орта құру туралы кітапты сыйлайын деп шештім. 
Жалпы, қатысушылар қызықты да жүйелі шешімдерді талап ететін күрделі мәселелерді көтере білді. Олардың қатарында білім және денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік топтарын қолдау, бұқаралық балалар спортын дамыту және басқалары бар. 
Партиямыздың Лидері Н.Ә. Назарбаев тапсырғандай, праймеризде айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер біздің әрбір өңір, қала және аудан бойынша әзірленген 216 сайлауалды бағдарламамызды пысықтау кезінде ескерілетін болады.
Әрине, кандидаттар әр қилы. Әрқайсысының дайындық деңгейлері мен жеке бэкграундтары да әр түрлі. Олардың қайсысы жеңіс тұғырынан көрінетінін сайлаушы шешеді. Мұнда бір жайтты анық айта аламын: осынау праймеризден бірінші болып өткендер теңдессіз саяси тәжірибе жинақтап, әр түрлі аудиторияларда сөз сөйлеу дағдысын меңгереді, өздерінің мықты және осал тұстарын аңғарып, тыңдаушыларды өз сөзіне иландырып, өз позициясын дәлелдеу қабілетін ұштайтын болады. Осы орайда кездесуге қатысушылардың бірі айтқан мына бір сөз ерекше есімде қалды. Ол «мен праймеризге депутаттық төсбелгі үшін емес, жұрттың нақты мәселелерін шешуде партияластарымды қолдау үшін қатысып отырмын» деді. 
P.S. Алдағы 1 – 3 қазан аралығындағы партияішілік сайлауда дауыс беру үшін мобильдік қосымшаны жүктеп алып, «Праймериз 2020» ақпараттық жүйесіне тіркелдім. Бүгінде жүйеде 560 мыңнан астам партиялас тіркеуден өтті. 
Елбасы айтқандай, әділ де тартысты бәсекеде ең лайықтылар жеңіске жететіне сенімдімін. 
Бізбен бірге болыңыздар! Өз таңдауыңызды жасаңыз! #BizBirgemiz», - деді ол. 
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15