Mazir
07 сен 15:34korilim:1 258 Sayasat / Ekonomika

Араны ашылған «FlyArystan»


«Мәскеу қаласындағы «Жуковский» әуежайынан Нұр-Сұлтанға дейін 3000 рубльмен жеттім. Мұнайлы мемлекетте халық үшін қолайлы лоукостердің болуы – заңдылық...»
Бұл – біздің астанамызға келген ресейлік азаматтың «FlyArystan» әуе компаниясы туралы пікірі. Әлбетте, жер асты ресурстары бар, территориясы кең мемлекет үшін қолжетімді әуе компанияларының болғаны абзал, тіпті, қажет. 
Алайда, шетелдік азаматтар «біздің лоукостердің» бір саусағын ішіне бүккен саясатына қаны емес. Мұны жиі ұшатындар, бірер мәрте кешігіп, билет ауыстырғандан, жүгі шекті салмақтан бірнеше грамм артық болғандар жақсы біледі. Компания басшылығы тұтынушыларына бір жұтым суды да сұрай бермеу керек екенін ескертеді. «Дәрі ішу үшін қол сөмкеңізде 100 мл су болсын, бұған рұқсат етіледі», - дейді олар. 
Бүгінде еліміздің бірқатар облыстарын республикалық маңызы бар мегаполистермен жалғап отырған әуе кемелерінің ішінде «FlyArystan»-ды танымайтын қазақ аз. Онлайн билет алуға да төселіп қалдық. Дегенмен, осы «ұшатын арыстанның» араны ашылып кететіні титықтатып жүргені рас. 
«Қайнайды қаның, ашиды жаның» деп хакім Абай айтқандай, тұтынушыны қанаудың бірқатар амалдары байқалады. Онлайн билет алып, сапар жоспарлайтынымыз рас. Бірақ тұрмыстың иірімі сол сапарды бірер күн шегеруге мәжбүр етеді кейде. 
Біз Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшпақ едік. Таңдауымыз лоукостерге түсті. Онлайн билет алу жүйесі қолайлы әрі түсінікті. Ақысын төледік те жайбарақат жүрдік. Аяқ асты шыққан шаруаның жайын күйттеп, жолға бір күннен соң шығу қажет болды. Бірақ біздің, тұтынушының, жоспары «FlyArystan» сияқты «алыптарды» алаңдата қоймайды екен. 
Өздері ашылған кезде де, одан бері де билеттің неге арзан болатынын жиі түсіндіреді. Қазір жолға шығар уақыт таяғанда алсақ, анау айтқандай арзан да емес. Компания билет ақшасын жүк тасымалынан, сусындар мен тамақтар сатудан және әуе кемесінің ішінде орынның біркелкілігінен толықтырып алатынын алға тартады. Біздіңше олай емес сияқты. Билетінің уақытын жаңартып жүргендерді жиі көреміз ғой. «Ваучер» ұғымын да жадымыз жатырқай қоймайды. 
Алматы - Нұр-Сұлтан және Нұр-Сұлтан – Алматы бағытына алған билетке 34 271 теңге төледік. Жолға белгіленген уақыттан бір күннен кейін шығу қажет болды. Таңдауымыз осы компанияда қалған еді. Билетті өзгерту үшін 2 500 теңге, билетті қайтарғанымыз үшін 7 000 теңге айыппұл төлеу керек екен. Ал екінші билетті алу үшін тарифке байланысты 16 000 теңге төлеуге тура келді. Билеттің құнынан (34 271 теңге) компания өзіне қалдыратын ақшаны (25 500 теңге) азайтсақ, қолымызға 8 771 теңге ғана тиеді екен. Бұл қанау ма әлде алдау ма?

Біздіңше, «FlyArystan» әуе компаниясының бұл әрекеті «ваучер» қағидасына томпақ келеді. Өйткені «ваучерді» пайдалану үшін билетті өткізгені үшін ғана, біздің жағдайымызда 2 500 теңге ғана айыппұл төлеуіміз керек. 
Еліміздегі тұңғыш лоукостердің сыйқы – осы. Қарапайым жұртшылықтың есебінен пайда көру – өте ауыр іс. «FlyArystan» компаниясының «араны ашылды ма» деп сауал тастауымыздың сыры осы еді...
Басып шығару
lasuna medication - buy cheap generic himcolin himcolin tablets

order rumalaya pills - cheap shallaki generic endep 50mg cheap

buy voltaren without prescription - generic diclofenac aspirin online

oral diclofenac - buy imdur 20mg for sale buy nimotop medication

pyridostigmine 60 mg us - order pyridostigmine sale generic azathioprine 25mg

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15