Тоқаев және бірқатар шенеуніктер бір минут үнсіздік жариялады (видео)
Ақорда алдында сағат 12:00-де Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар лауазымды қызметкерлер коронавирустан қаза тапқандарды құрметпен еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. Мемлекет басшысы телеарнадан үндеу жасап, қазақстандықтарды сабырға шақырды.
«Бүгін кез келген қазақстандық азамат қай жерде жүрсе де қаза тапқандар рухына тағзым етеді деп ойлаймын», - деді президент.