Mazir
10 дек 14:49korilim:1 598 Sayasat

Сыбайлас жемқорлықпен алыстан сыйласатын Сингапур тәжірибесі бізге қажет пе?

Астында қазба байлығы, тамылжыған табиғаты, ешқандай бағалы ресурсы жоқ жас мемлекеттің әлемде салтанат құрған бармақ басты, көз қысты қағидасын бұзып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың желкесін қиғаны таң қалдырарлық дүние. Күллі ғаламға таңдай қақтырған жаңашылдықты, жетістікті жас мемлекетке 1959-1990 жылдары премьер-министр болған Ли Куан Ю алып келген-ді.

Адамзат қанына түскен дертке қарсы қауқар көрсеткен басшының бұл тәртіпке, адами тәрбиеге өзгеріс әкелген өз қағидалары бар. Ол жаңашыл қоғам құруда күллі елдің күшін, ақылын, ар-ұятын пайдаға асырды.

1. Жемқорлық қалай құрдымға кетті?

Сингапурдың 1965 жылы Малайзиядан азаттық алып, өзінше байрақ тіккені тарихтан белгілі. Сол уақытта бұл елдің халқының әлеуметтік ахуалы өте төмен, бейшара жағдайда еді. Ал сыбайлас жемқорлық пен әлімжеттік көрсету қоғамның ажырамас бөлігіне, күнделікті үдеріске айналған.

Сол кезде билік басына келген Ли Куан Ю батыл қадам жасап, халыққа үндеу тастады.

«Егер сіздер жемқорлықты жеңуді қаласаңыздар, онда өз достарыңыз бен жақындарыңызды түрмеге тоғытуға дайын болыңыздар», - деді ол. Бұл – бір.

Сонымен қатар, премьер-министр шенеуніктердің жалақысын көтеруге тырысып бақты. Мұндағы ойы – егер өкілетті азаматтардың ахуалы жақсы болса, өзге кіріс көзін іздемейді деген үміт.

Бірақ ел басшысының бұл шешімі нәтиже бермеді. Ли мұнымен тоқтап қалмаған. Артынша Қаржы министрлігінің жанынан сыбайлас жемқорлықпен күресетін арнайы бағдарлама түзіп, ауқымды жұмыс жасай бастады. Жаңадан құрылған құзырлы мекеме өкілетті азаматтарды, аймақ басшыларын әрдайым қадағалауда ұстап, күтпеген тексерістер ұйымдастыруды өз міндетіне алатын.

Бұдан бөлек, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары да сыбайластықтың иісі шыққан жерді «белден қаза алатын» құзірет алды. Осы уақыттан бастап Тергеу басқармасы авторитарлы өкілеттілікке ие болды. Ал шенеуніктер қосымша кіріс көздерінен айырылды. Басқарма агенттері күдікке ілінген шенеуніктің жеке мүлкін, банктік есеп-шоттарын, әйелі мен балаларына, туыстары мен достарына тиесілі дүниені тексере алатын еді. 

Егер күдіктінің шикілігі байқалса, басқарма қызметкерлері ешқандай бұйрықсыз-ақ іске кірісуіне рұқсат. Айыбы нақтыланған шенеунік жұмысынан, зейнетақысынан, жеңілдіктерінен айырылып, түрмеге тоғытылды. Айта кеткен абзал, осы жүйе салтанат құрған уақыттан бастап бірнеше министрлер, алып компаниялардың кәсіподақ төрағалары темір торға қамалған.

1989 жылы заңға өзгеріс енгізіліп, нәтижесінде пара алған қызметкерге тағайындалатын айыппұл көлемі 10 мың сингапурлық доллардан 100 мыңға дейін өсті. Бұл – басшылықтың өкілетті қызметкерлер арасында жүргізген ауқымды «тазалау науқаны» еді.

2. Сот реформасы

Өлімге кесу және дүре соғу жазасы әлі заңды күшінде тұрған санаулы мемлекеттердің бірі – Сингапур. Жазаның бұл түрлері есірткі сатқандар мен кісі өлтіргендерге тағайындалады. Ал қылмыстың басқа түрлерін жасаған азаматтарды ұзақ мерзімді түрме күтіп тұр.

Сингапур халқы қылмыс үшін өтелетін жазаның қатаң екенін айтады. Сингапурлықтар, әсіресе, өлім жазасына келгенде пікір қайшылығына тап болады. Көпшілігі «кінәсіз адам құрбан болып кетеді» деген уәжді алға тартса, бір легі мұны тәртіп деп біледі. Сол себепті де дүре соғу жазасы сот тарапынан жиі мақұлданады-мыс.

Қалай десек те, Сингапурдың қылмысқа қатысты заңдары айтарлықтай қатты. Бірінші кезектегі мүдде – адамдардың нені жасап, нені жасамау керектігін сезінуі.

Дарға асу, дүре соғу, мүлкін тәркілеу, бас бостандығынан айыру мен айыппұл арқалату сынды жаза түрлері заңның бар екенін, оның ешқашан талқыға салынбайтынын, асыра сілтегендерге аяушылық болмайтынын ескерткендей...

3. Өзгелердің жұмыс тәжірибесін жастарға сіңіру үдерісі

Мао Цзе Дунның «Мәдени революциясы» Қытай есігін инвесторлар үшін біржола жапты. Ал олар тоқтап қалуға мүдделі емес. Сондықтан көрші жатқан Гонконг, Тайвань, Сингапур сынды елдерге Қытай қалталылары ақша сала бастады. 60-жылдардың аяғында алғашқы фабрикалар мен зауыттар ашылса, 70-жылдары олар бірінші электронды құралдар жарыққа шықты. Ал 80-жылдары Сингапур технологиялық өнімдердің орталығына айналды.

Инвесторлар үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып, олардың ішкі жұмысына билік араласпады. Сондай-ақ, олар үшін салық жеңілдетіліп, арзан жұмыс күшін пайдаланды.

«Біз әрбір инсвесторды жылы қабылдап қана қоймай, оларға құшақ жайып, біздің елімізде жұмыс жасауына көмек беруге талпындық», - дейді Ли Куан Ю өз сөзінде.

Дегенмен, премьер-министр шетелдік қалталылардың капиталына өмір бойы «малынып» жүруді мақсат тұтпаған сыңайлы. Шын мәнінде ол жас сингапурлықтардың тәжірибелі шетелдіктерден сабақ алғанын қалаған. Қытайлықтардан жұмыс тәжірибесін жинаған жастардың басын қосып, ұлттық компаниялар құрып, ішкі нарықта бәсекелестік туғызды. Сонымен қатар, бұл компаниялар әлемдік нарыққа шыға бастады.
Алғашында тәжірибелі жастардың ірі компаниялар ашуға қаржысы болмады. Ли осы тұста тағы да бір ұтымды қадам жасап, жастарды технология, маркетинг және басқару ісі төңірегінде оқыта бастады. Нәтижесінде Ли мемлекеттік компания ашып, білімді әрі тәжірибелі жастарды жұмысқа тартты.

4. Білім реформасы

1960 жылдары Сингапур билігі шетелдік компанияларды жұмыссыздықты жоюға, жас қызметкерлерді тиянақты болуға, жоғары сапалы тауар жасауға үйретуде жақсы пайдаланды.

Осы қызметтік сапаны сақтаудың арасында сингапурлықтар өз жұмысын қарқынды игеріп, бизнес турасында көздері ашылды.

«Бізге бағзы заманғы әдебиетшілер емес, технология мен ғылымның мамандары керек. Сонда ғана әр адам өміріне қажетті ақша таба алады», - деген Сингапурдың экономикалық өсім саласындағы өнімділік пен инновация кеңесінің директоры Филипп Йо.

5. Мемлекеттік нысандар құру тәжірибесі

Мемлекет қолдауымен құрылған алғашқы компаниялардың бірі - Singapore Airlines.

«Бұл компания әдемілік үшін немесе біреуге бір нәрсе дәлелдеу үшін емес, ақша табу мақсатында құрылған. Егер ол тиімсіз болса, ешқандай себепсіз жабамын», - депті мемлекеттік әуе компаниясының бас директоры Лим Чин Бен. Дегенмен, әуе компаниясы бүгінге дейін өз жұмысын жасап келеді.

Сингапурлық әуе линиясы тұтынушыларға қызмет көрсету жағынан бүкіләлемдік революйия жасады. Олар әрбір дүниеге, тамақтан сусынға дейін, құлаққаптың дауысына дейін мән берді. Нәтижесінде, компания әлемдегі үздіктер қатарына кірді. Қазір бұл алпауыттың қанатындағы компаниялар нарықта өсіп келеді.

Сингапур – күллі ғалам жұртына социализм арқылы шынайы экономикалық өсімге келуге болатынын, кез-келген қоғамдық-саяси мәселемен күресудің мүмкін екенін дәлелдеген мемлекет.

Қазақстан мен Сингапурдың кіріс көзі және әлеуметтік ахуалы

Ешқандай қазба байлығы, бағалы ресурсы жоқ Сингапур халқының орташа айлық табысы – 3,5-4 мың доллар. Ал мұнайы, табиғаты, газ, алтыны, ураны, түсті металы бар Қазақстан халқының орташа айлық табысы – 430-440 доллар арасында. Азаттығы тетелес Азия құрлығының қос мемлекетінің әлеуметтік ахуалында 9-10 есе айырмашылық бар.

Әділет Мәдениет
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15