Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайын екеніне күмәнданатынын жеткізді.
«1-қыркүйек күні жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұған дайын екеніне күмәнім бар. Балалар онлайн оқиды ма әлде мектепке барады ма? Жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатыр?» - деді президент.
Мемлекет басшысы аймақ әкімдіктеріне мектептерді жабдықтауға бұйрық берді.
«Мектептерде 400 мың компьютер бар. Бірақ солардың 40 пайызы ғана жұмыс істеді. Бұл – министрлік пен әкімдіктердің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер шұғыл түрде мектептерді жабдықтап, мұқтаж отбасыларды қажет техникамен қамтамасыз етсін», - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, қашықтықтан оқыту барысында инфраструктуралық, интернеттік мәселелер бар.
«Үйінде толық интернет пен компьютердің болмауынан 20 пайыздан астам мұғалімдер қашықтықтан сабақ жүргізе алмады», - деп түйді ол.
Басып шығару