Mazir
17 янв 10:11korilim:1 432 Sayasat / Qazaqstan

"Сергек" камерасының қандай заңбұзушылықты анықтай алмайтыны белгілі болды

"Сергек" камерасының қандай заңбұзушылықты анықтай алмайтыны белгілі болды деп хабарлайды Вairaq.kz порталы.

"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені Алматыда жыл басынан бері іске қосылды. Бұл оқиға көлік жүргізушілері тарапынан қызу талқыланған болатын. Тұрғындарды бұл камералардың қандай заңбұзушылықтарды анықтай алмайтыны қызықтырып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде түскен айыппұлдың қайда кететіні талқыланып жатыр.

"Айыппұлдан түскен қаражатты белгісіз біреулер алады"


Қате пікір. Бюджет кодексінің 50-ші және 51-баптарына сәйкес, айыппұлдан түскен қаражат бюджетке түседі. Тиісінше, қалада тіркелген айыппұл қала бюджетіне беріледі.


"Сергек" сақтандыру болмаса, айыппұл салады


Қате пікір. Сақтандыру болмағаны үшін полиция инспекторы ғана айыппұл сала алады. Мәліметтер базасын интеграциялаудың арқасында бұл ақпарат полицейлердің планшеттеріне түседі.


"Сергекті" шетелдіктер құрастырды


Қате пікір. Құрылғының бағдарламалық қамтуы мен алгоритмдерін қазақстандық IT мамандар әзірлеген. Өнімнің құрастырушысы -  "Көркем Телеком" компаниясы.


"Сергек" кез келген көлікті таба алады


Дұрыс. "Сергек" жүйесінің функционалы жедел алдын алу шараларын өткізіп, іздеудегі, алимент немесе айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушіні таба алады. Бұдан бөлек, "Сергек" жалған немесе шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді де анықтайды.


"Сергек" айыппұлды автоматты түрде жібереді


Қате пікір. Сергек жол ережесінің бұзылуын автоматты режимде тіркейді. Бұдан соң мәліметтер процессингтік орталыққа жіберіледі. Ол жерде ақпаратты полиция инспекторы қарап, электронды-цифрлық қолтаңбамен бекітеді. Тек осыдан кейін ғана айыппұл жүргізушіге жіберіледі.


"Сергектің" сертификаттары жоқ


Қате пікір. "Сергек" жүйесін құрастырған компания Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметінің аттестациясынан өтеді. Демек, Сергек сертификатталған құрылғы, мемлекеттік тізімге енгізілген.


Қауіпсіздік белдігін тақпағаны және телефонмен сөйлескені үшін айыппұл салады


Қате пікір. Мұндай заң бұзушылықтар үшін айыппұлды автоматты түрде салуға болмайды. Мұны көлікті тоқтатқан полиция инспекторы ғана істей алады. "Сергек" жылдамдықтың артуы, жол белгілеріне қатысты талаптардың орындалмауы, қоғамдық көлік жолымен жүру сынды ереже бұзуды тіркейді.


"Сергек" тек жол ережесін бұзуды тіркейді


Қате пікір. "Сергек", ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді. Елорда, Өскемен және Атыраудағы жобалардың дені өзге камералармен интеграцияланған. Камералардағы барлық ақпарат қаладағы бақылау орталықтарына жіберіледі. "Сергек" мектеп маңында, аулаларда, сауда орталықтары және вокзалдарда да орнатылған.  


"Сергек" адамның түрін анықтайды


Қате пікір. Техникалық тұрғыдан мамандар мұндай функционал жасай алады. Алайда адамның түрін анықтау заңнама тұрғысынан реттелмеген. Мұндай тәжірибе "Сергекте" қолданылмайды.


Еске сала кетсек, Алматыда 400 камера ресми іске қосылған кезден бастап 2 564 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Жалпы сомасы 42 010 397 теңге айыппұл салынған.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15