Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының екінші толқыны орын алуы ықтимал. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Үкіметтік комиссияның күш салғанына қарамастан азаматтарымыздың инфекция жұқтыруы жалғасып келеді. ДДСҰ мәлімдегендей, коронавирустың екінші толқыны орын алуы мүмкін», - деп жазды президент.
«Отандастарыма жаппай індет тарамас үшін карантин талаптарын сақтауды өтініш қылып отырмын», - деді ол.
Басып шығару