Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Төсекбаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры болып тағайындалды.
Төсекбаев Қанат Дүйсенбайұлы 1982 жылы 6 тамызда Талғар қаласында дүниеге келген.
2005 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін бітірді. 2008 ж. - «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ганновер медициналық мектебін тәмамдады (Денсаулық сақтауды басқару). 2013 жылы Каспий қоғамдық университетінде (экономист), сонымен қатар Алма университетінде (іскери әкімшілендіру магистрі) оқыды. АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау саласында тағылымдамадан өткен.
Жұмыс тәжірибесі:
- Алматы қаласының № 7 Мемлекеттік медициналық-санитарлық қызметіндегі жедел жәрдем фельдшері (2005-2007);
- Вивантес клиникасындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоба менеджері, Берлин (2007);
- Астана қаласындағы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (2008-2009);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вице-министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Астана қ. «Астана медицина университеті» АҚ жетекші маманы (2009-2010 жж.);
- «Қалалық жедел медициналық көмек станциясы» МКҚК бас дәрігері, Астана (2010-2013);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі «Оқжетпес» АҚ-ның президенті (2013);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Almaty Resort» «Клиникалық санаторий» АҚ президенті (2014);
- «Қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасы» мемлекеттік жедел медициналық көмек орталығының бас дәрігері, Алматы (2015-03.2017);
- Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы (03.2017-10.2018);
- Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2019 жылдан бастап, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы) (10.2018-09.2019)
Басып шығару