Mazir
05 май 09:34korilim:68 510 Sayasat

Тоқаев: Карантин 11-мамырда тоқтамайды


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар қалыпты тіршілігіне сатылы түрде қайта оралатынына сенетінін жеткізді. 

«Егер жағдай ушығып кетпесе, Төтенше жағдай режимі 11-мамырда тоқтайды. Дегенмен, карантин режимінің аясындағы қатаң шектеу шаралары өз күшін сақтап қалмақ. Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды», - деді ол. 

Мемлекет басшысы болашақта шешілуі тиіс бірқатар күрделі міндеттерді атап өтті. 

«Ең алдымен, денсаулық сақтау саласын модернизациялауды қолға алу керек. Заманауи ауруханалар салып, оларды қажет техникамен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, біз медицина ғылымдарының дамуына назар аударамыз. Осы саладағы қазақстандық ғалымдардың деңгейі де, білімі де жеткілікті. Біз кәсіби мамандарға орта құрып, қолдау көрсетеміз», - деді президент. 

Тоқаевтың айтуынша, мемлекет басшылығы білім және ғылым саласын толық модернизациялауды көздеп отыр. 

«Біз цифрландыру мен үздік технологияларды оңтайлы пайдалануымыз керек. Бұл – ең маңызды тапсырмалардың бірі», - деді ол. 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15