Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан астам адамды кене шақты. ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек өңір бойынша сәуір айынан тірклеген.
Ең көп кенеден зардап шеккендер – Өскемен тұрғындары (1461). Одан кейін Риддер қаласы (629) мен Алтай ауданының (387) халқы тұр. Ал Зайсан, Самар және Ұлан аудандарында кенелердің белсенділігі ең төмен.
«Кене энцефалитіне шалдыққан 4 адам тіркелді. Үш жағдай Өскемен қаласында, біреуі Катонқарағай ауданында болып отыр. Науқастар кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбегендіктен оларға кенеге қарсы иммуноглобулин салынған жоқ», - делінген ақпаратта.
Басып шығару