Mazir
27 май 10:13korilim:787 Onir tynysy

Назарбаев Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар 1994-1999 жылдардағы Қазақстан-Америка саяси және экономикалық салалардағы екіжақты қатынасын тереңдету жөніндегі Н.Назарбаев-А.Гор бірлескен комиссиясының жемісті қызметін жоғары бағалады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Альберт Гор Қазақстан мен АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту және жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларында күш-жігер біріктіру мүмкіндіктерін талқылады.

Елбасы мен АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар төңірегінде, соның ішінде COVID-19 пандемиясын еңсеру, дүние жүзінде және Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша пікір алысты.

Сенім дағдарысына, санкциялық текетірестерге және әлемдік державалар арасындағы бәсекелестіктің жаңа деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті планетадағы өзекті мәселелерге қатысты Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ арасында ауқымды стратегиялық диалог бастау жөніндегі өзінің бастамасына назар аударды.

Айта кетейік, телефон арқылы сөйлесуге Америка тарапы бастамашы болды.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15