Mazir
10 сен 19:21korilim:1 362 Onir tynysy

Бекітілген терминдер – ғылым тілінде


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10 қыркүйегінде «Бекітілген терминдердің ғылым тілін дамытудағы орны» атты онлайн семинар өтті. 
Әр түрлі ғылым саласында кеңінен қолданылатын төл терминдердің көп болуы мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, мерейін өсіре түседі. Қазақ тілі ғылым тілі болуы үшін, ең алдымен, оның қалыптасқан терминдері болуы тиіс. Ал, термин қалыптастырудың тәсілі көп. 
Онлайн семинар жұмысы осы бағытта өрбіді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба өзінің кіріспе сөзінде термин халқымыздың ұғымына сай болуы керектігін айтып, қабылданып жатқан терминдердің ғылым саласынан өз орнын тұрақты табуы маңызды екендігіне тоқталды. 
«Терминнің о баста  пайда болған елінің тілінен төтелеп емес, аралық тіл арқылы аудару үрдісі кешегі кеңестік кезеңнен бері кең етек жайғаны ақиқат. Мұның ұлт ұғымына ауыр тиетіні өз алдына, түпкі мағынасынан алшақтатып жіберуі мүмкін. Құлдық санадан құтылып, қазақ тілінде жаңа сөз тудыру, сөзсіз, ардақты ана тіліміздің өрісін кеңейтіп, сөздік қорымызды байыта түседі», – деді ол.
Терминологияны біріздендіру, терминжүйе қалыптастыру қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту үшін аса маңызды. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясы мақұлдаған терминдердің қолданыс аясын кеңейту, сапасын арттыру мәселесі, ғылым тілін дамытудағы халықаралық және төл терминдердің арасалмағын айқындау мәселелері онлайн басқосудың өзекті тақырыбына айналды. 
«Назарбаев Университеті» ДББҰ Қазақ тілі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Әлісжан Сарқыт Қалымұлы «Ғылым тілін дамытудағы халықаралық және төл терминдердің ара салмағы» жөніндегі баяндамасында: «Ғылым саласында тіл ғылыми қатынас үшін қызмет етеді. Тілдің ғылыми қарым-қатынас үшін негізгі үш қызметін баса көрсеткен жөн. Олар: 1) когнитивтік (ойлау); 2) аккумлятивтік (білімнің шоғырлануы); 3) коммуникативтік (мамандардың өзара қарым-қатынасы). Терминологиялық лексика құрамындағы халықаралық және төл сипат ғылым саласындағы тілдің осы қызметтерімен байланыстыра қаралғаны жөн», – деп атап көрсетті. 
Филология ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның академигі Шерубай Құрманбайұлы бекітілген кей терминдердің елдің құлағы енді үйреніп, сіңісті бола бергенде қайта өзгеріп кетіп жатқанына алаң білдірді. Жалпы кейбір елдерде «халықаралық термин» деген ұғымның өзі шартты мағынаға ие, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш ардақтыларының өткен ғасырдың басындағы еңбектеріне сүйене отырып, ана тілінде ойлайтын халық өз ұғымын анық білдіре алады, ол үшін тұжырым табанды, бағыт айқын болуы керек деп ой қорытты. 
Бұдан басқа «Астана» медициналық университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының профессоры Ахметов Мұхамбедия, «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері Айымбетов Мәди Айтбенбетұлы сөз сөйледі. 
Іс-шара пікірталас, сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылды. 
Сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық термин төңірегіндегі келелі пікір, көшелі сөзді zoom платформасы арқылы көріп, тыңдады. Баяндамашы мен сөйлеушілерге сұрақ қойып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып отырды.
Қатысушыларға біліктілік электронды сертификаты табысталды.
Басып шығару
cost lasuna - purchase himcolin without prescription himcolin where to buy

buy cheap generic probenecid - brand probenecid 500mg carbamazepine for sale online

celebrex 100mg brand - indocin 75mg usa buy indomethacin 75mg capsule

colospa 135mg usa - arcoxia us order cilostazol 100 mg

order diclofenac 50mg online - diclofenac online aspirin 75mg pills

purchase rumalaya online cheap - buy rumalaya for sale buy endep generic

purchase mestinon for sale - buy cheap generic azathioprine azathioprine online

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15