ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Закарья Күнсұлу Дальтонқызы Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Сұхбат барысында «QazVac» вакцинасы туралы маңызды дүниелер айтылды. Сондай-ақ, Күнсұлу Закарья «QazVac» вакцинасын дайындауға неше ғалым жұмыс істегенін айтты.
«Жалпы институтта 200-ден астам адам жұмыс жасайды. Оның ішінде, вакцина дайындай алатын 56 ғалым бар. Ол тек негізгі жұмыс. Лабораториялық ыдыстарды дайыындайтын қосымша лаборанттар керек. Шетелде бір вакцинаны дайындауға 2000-3000 адам қатысады. Бізде маман жоқ», - деді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаға қандай баға берді?
«Қазіргі таңда ДДСҰ-ның тіркеуінде әртүрлі деңгейдегі 200-ден астам вакцина бар. Үшінші сатыдан өткен вакциналар аз. Біздің вакцина үшінші сатыдан өтіп жатыр. Дүниежүзінде ешқандай вакцина үшінші сатыдан өтпеген. Екінші сатыдан жақсы көрсетккішпен өткен вакцинаны адамдарға тез арада жеткізіп, егу керек», - деді Күнсұлу Закарья.
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаймын дегендер надан ба?
«Надан, әбден надан. Бұлар биология ғылымның өсуін, дамуын, нәтижелерін білмейтін немесе білгісі келмейтін адамдар деп есептеймін», - деді Күнсұлу Дальтонқызы.
Сұхбаттың толық нұсқасы:
Сурет: ru.sputnik.kg
Дереккөз: Nartay Aralbayuli
Басып шығару