"Жетінші арнада" үшінші маусымы аяқталған қазақстандық "Зың-Зың Күлпаш" сериалы YouTube-те 141,5 миллионнан астам қаралым жинады.
"Зың-Зың Күлпаштың" әр сериясы YouTube трендтеріне шығып, "Жетінші арнаның" ең танымал жобаларының бірі болды.
Үш маусым бойы телекөрермендер қарапайым ауыл тұрғындарын және айналасындағылардың бәріне көмектесуге деген ықыласының арқасында түрлі жағдайларға тап болатын басты кейіпкер Күлпаштың өмірін асқан қызығушылықпен тамашалады. Бұл отбасы, салт-дәстүр, ене мен келіннің қарым-қатынасы туралы мейірімді, көңілді комедия. Басты рөлді "Шымкент-шоу" театрының актері Берік Тұрсынбеков сомдайды.
Сурет: ivi.ru
Басып шығару