Павлодар облысы ауылдарының біріндегі қоқыс үйіндісінен Қазақстанның елтаңбасы мен прокуратура тақтайшасы табылған. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Құзырлы органдар енді мемлекеттік рәміздің қоқыс үйіндісіне қалай тап болғанын тексеріп жатыр.
Инстаграмға жарияланған видеодан Ақтоғай аудандық прокуратурасының алдыңғы тақтайшасы қоқыстың ішінде жатқаны көрінеді. Жақын жерде екі елтаңба жатыр, оның біреуі сынып қалған, ал екіншісі бүтін.
«Облыстық прокуратура қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ақпараттың таралу арнасы материалы аясында полиция тексеруді бастады. Мән-жайлар анықталып жатыр», - деді құзіретті орган өкілдері.