Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 12 сәуір күні Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Шымкент қаласында 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
12 сәуір күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
12 сәуірде Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
12-13 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қаласында 12 сәуір күні солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Басып шығару