Тұман, бұрқасын: Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

  • 08 янв, 16:53
  • Көрілім: 657

Ауа райына байланысты үш облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет. 9 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с болуы мүмкін. 

9-13 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. 12-13 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 9 қаңтарда күндіз, 10-13 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12, 13 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады.

Тараз қаласында 9-13 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. 12, 13 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с. 

Петропавл қаласында 9 қаңтар күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру