Қытай өз азаматтарының Түркияға баруына тыйым салып, Түркиядан келетін әуе рейстерін тоқтатты.
Қытайдың Азаматтық авиация басқармасы (CAAC) түрік авиакомпанияларына 19 сәуірден бастап төрт аптаға рейстерді тоқтату туралы бұйрық шыққанын хабарлады.
Бұл шешімге коронавирус жұқтырған науқастардың көбеюі себеп болды. Коронавирус инфекциясы әлем бойынша Түркияда ең жылдам таралуда. Түркияда кейінгі тәулікте 49 584 адам коронавирус жұқтырып, 211 адам көз жұмған.
Басып шығару