Mazir
15 апр 20:18korilim:1 896 Onir tynysy

Нарынқолда 80 жастағы қарт қасқыр соғып алды

Сарыжаз ауылында тұратын Қонысбай ата биыл сексен жасқа келді. Әлі де ширақ әрі сергек қарияның жуырда қасқыр соғып алғанын телефон арқылы өз аузынан естігенбіз. Жақында Сарыжаз ауылына жолымыз түсіп, Қонысбай атаның шаңырағына әдейілеп ат басын бұрдық. 
– Ұстаған түлкіде есеп жоқ. Ал жалпы 4 қасқыр ұстадым. Екеуін бүркітім алды. Екеуін жүйрік атыммен қуалап жүріп соғып алдым.
Күн ашық. Ауа райы қолайлы мінез танытып тұрған еді. Әрдайым жараулы күйінде тұратын Қаракер жорғаммен қыстаудағы үйге бет алғам. Мына бір орайы келген сәтті қараңыз, ауылдасым Қуатбек Өскенбаевтың құнанын жайратып, қарындарын тоқтап алған үш қасқырға кезіктім. Екі қасқыр Қарасаз өңіріне қарай қашты. Біреуі тауға қарай Баяусайға қарай тартты. Тауға тартқанын бәйгеторыммен қуалап соңына түстім. Бастырмалата қуып жетіп, Кеген өзенінің бойына қарай қайта қайырдым. Сөйтіп, сойылыммен соғып алдым. Ең бастысы, қасқырдың тоқтығы қолайлы әсер етті. Мен қуған сайын ол кесек-кесек етті құсып отырды. Бастан 3-4 рет ұрып құлаттым. Қасқырдың арланы екен. «Абыройлы жігітке ажалды аң кезігеді», «Ер жолдысынан ат жолдысы» деген. Сөйтіп, олжалы болдым, қарағым, – дейді Қонысбай ата болған жайды әңгімелеп. 
 Қонысбай ата ақ батаның неше түрін төгілтіп, елді риза ететін жан. Шежіреге де қанық. Қазақтың қанатты сөздерін, мақал-мәтелдерін де бірінен кейін бірін айтқанда көңіліңіз көтеріліп сала береді. Бұл да жастар үлгі алар Жаратушымыздың бойына берген жақсы қасиеттерінің бірі. Жиған-тергені. Атбегілігімен аудан жұртшылығына танымал. Жыл он екі ай баптайтынын айтпағанда Мұқағалидың 80 жылдығында, Райымбектей батыр бабамыздың 300 жылдығында жүлделі орындардан көрінді. Еңбек Ері Жолсейіт Молдасановтың мерейтойында бәйгеге қосқан жүйрігі қанжығасына «Жигули» көлігін байлап қайтты. Жалпы, атаның баптаған жүйрік аттары қара шаңырағына төрт көлік әкелді. Бір күнде үш бәйгелі болған кездері қалай ұмытылар?! Ат әбзелдеріне де өте әуес жан. Сол күні бізге қаракер жорғасына салып қойған екі ғасырлық тарихы бар ат әбзелдерін көрсетті. Таза күмістен қалыңдау әрі көрнекілеу жасалған жүген, құйысқан, тартпа мен үзеңгінің жалпы салмағы жиырма келіден кем емес. Таңданбай қарай алмайсың. Сонау ата-бабаларынан сақталып келген дүниені саф алтындай сақтап келеді.
 Ұлы даламызды сан ғасырдан мекендеп келе жатқан халқымыздың атбегілік әрі құсбегілік өнерін серік етіп келе жатқан Қонысбай атамыз төрт кітапқа арқау болыпты. Дәл осы Сарыжаздан шыққан қаламгер Нұртан Төлепбергенұлы атамыздың тамаша өнері жайлы «Бапкер» атты кітабын жазған. Жазушы Данияр Әлбозымның «Қазақтың саңлақ бүркітшілері» атты туындысы негізінен Монғолия, Қырғызстан, Қазақстан және Қытайда тұратын қазақ бүркітшілеріне арналған. Дәл осы кітапта Сарыжаз ауылында тұратын үздік бүркітші Қонысбай Рамазанов туралы сыр шертіледі. Бұл да өмірі өнегеге, ғұмыры тағылымға толы қарттың жиған-тергеніне, еткен еңбегіне, бойына біткен қастерлі өнеріне көрсетілген құрмет іспетті. Сол еңбегі, ат спортын дамытуға қосқан үлесі үшін  Қонысбай ата өткен жылы Тәуелсіздік мерекесі тұсында Райымбек ауданының Құрметті азаматы атанды. Халқы қуанды. Көптің көңілі жұбанды. Атамыздан 5 қыз, 5 ұлы қанаттанған. Бәрі де бір-бір шаңырақ иелері. Қонысбай ата ұрпағымен өсіп-өркендеп, жиырмадан аса немересін, оннан аса шөбересін сүйіп отырған бақытты қария. 
 Атамыз бүгін де ерте оянған. Күндегі әдеті. Ерінбей, жалықпай, асықпай жүріп, жеті қазынамыздың бірінен саналатын жорғасын, жүйріктерін баптайды. Шөбін салады. Уақытысымен суарады. Жарамды аттары да кісі қызығарлық. Туған жерінің ойы-қырын аралап, таза ауада демалып қайтқанды жаны қалайды. Жорғасы да шаршатқан емес. Ең бастысы, күнделікті сүйікті істерімен айналысатын қарияның көңілі көтеріңкі. Әр күнгі қимыл мен қозғалыс еңбекқор қартты ширатып, жанын жасарта түсетіндей. Оған сөз жоқ. Ұлтымыздың атбегілік, құсбегілік өнерімен сексен жасының үзеңгісіне аяқ салған қарияға ұзақ ғұмыр тілейміз.  Қанат БІРЖАНСАЛ, «Жетісу» газеті.                     
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15