"Хабар 24"
хабарлауынша, Қазақстандық бес жоғары оқу орны халықаралық QS рейтингіне енді. Олардың қатарында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бар. Бүгін оқу орнының қабырғасында компанияның аймақтық директоры Сергей Христолюбовпен кездесу өтті.
Салтанатты жиын барысында білім ордасының даму бағыттары баяндалып, рейтинг қортындысына сәйкес үздік атанған пән оқытушылары марапатталды. Атап айтсақ, лингвистика, физика және астрономия, экономика және эконометрика, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша білім көрсеткіші жоғары бағаланды.
QS рейтингі 2004 жылдан бері әлемнің көшбасшы университетін анықтаумен айналысады. Рейтинг түзу барысында ЖОО-ның бәсекеге қабілеттлігі, оқытушылардың біліктілігі мен түлектердің жұмысқа орналасуы, ғылыми зерттеу жұмыстарға мән берілуі ескеріледі.
Басып шығару