Синоптиктердің айтуынша, Қарағанды өңірінің кей жерлерінде 38 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Тіпті желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Мамандар Қостанай мен Ақмола облыстарында бұрқасын болады деп болжайды. Солтүстік Қазақстанда қатты жел соғуы мүмкін.
Ал Жамбыл және Түркістан облыстарында жел күшейіп, тұман түседі.
Басып шығару