Polisia.kz хабарлауынша, атыраулық полицейлер 364 дана киік мүйізін тәркіледі.
6 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жергілікті тұрғындарға тиесілі екі көлік ішінен 364 дана киік мүйізін тауып, тәркіледі.
"ВАЗ-21014" автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы "ТОЗ-16" маркалы аңшы мылтығы табылды. Ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаттары жоқ 4,5 калибрлі "Байкал МР-512" маркалы қару тәркіленді", - делінген хабарламада. Басып шығару