Павлодар облысының 35 мұғалімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында аймақтағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
"Сіздердің оқушыларыңыз республикалық және әлемдік деңгейдегі барлық биіктерді бағындырады. Олардың еңбектерін, ашқан жаңалықтары мен жетістіктерін жетекші халықаралық сарапшылар мойындайды", - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Марапатталғандардың қатарында Павлодардың №8 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Анатолий Билида болды. Билида шәкірттері республикалық және халықаралық олимпиадаларда 200-ге жуық медаль жеңіп алған, оның 50-і алтын.
"Мен мектепте 30 жыл жұмыс істедім және бұрынғы уақытпен салыстырып қарай аламын. Бүгінгі күні біздің мектеп жаңа құрал-жабдықтар, сапалы оқытуға қажетті интерактивті құрылғылар сатып алуда. Бұл қуантады, өйткені мұғалім ретінде жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Мұғалімдердің жұмысына көңіл бөлгеніңіз үшін көп рахмет айтқым келеді, - деді Анатолий Билида.
Павлодар облысының мұғалімдеріне арналған сыйлық биыл әкім Әбілқайыр Сқақовтың бастамасымен тағайындалды. Аймақ басшысы бұл мадақтау дәстүрі жалғаса беретіндігін атап өтті.
Басып шығару