ДК: Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің бастамасымен өңірде «Адалдық керуені» акциясы басталды. Акция аясында мектеп жанында лагерьлер жұмыс жасап, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар мен квест ойындар, экскурсиялар ұйымдастырылды.
РКС: Бүгінде облыс аумағының білім беру мекемелерінде 500-ге жуық «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Жазғы маусымда мектеп жанында лагерьлер, сонымен қатар, рухани, патриоттық тәрбие беру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мектеп қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінік қалыптастыру – облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. «Адалдық керуені» дәл осы мақсатта жұмыс жасауда.
СНХ: ДАМИР СҰРАҒАНОВ, №7 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (ЩУЧИНСК Қ.)
РКС: Акция аясында Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінде экскурсия ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары «Адал ұрпақ» клубының жұмысына тоқталып, «Көрме» атты еңбек кабинеті мен «Рухани жаңғыру» кітапханасын көпшілікке таныстырды.
СНХ: ЗАРИНА НҰҒЫМАНОВА, №7 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ
РКС: Бағдарлама соңында мектеп оқушылары шағын концерттік бағдарлама мен флеш-моб ұйымдастырды.
АЙЖАН АҚТАЕВА,ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, САБЫР ҚҰЛАТАЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ
Басып шығару