1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы басқа аймақтардан келушілер үшін және облыс аумағынан шығатындар үшін жабық болады. Өскемен бөлек жабылады.
Тиісті қаулыға облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары қол қойды.
Азаматтардың облыстың аумағына, Өскемен қаласының аумағына кіруіне / шығуына тыйым салынады, делінген қаулыда.
Осы ретте Өскемен қаласын қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан, қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат берілген.
Басып шығару