Жерлеу агенттігі: Ақтауда күніне 50 адам жерленуде

  • 17 июл, 09:04
  • Көрілім: 2 433

Әлеуметтік желіде ондаған жас моланың видеосы тарап кетті. Жерлеу агенттігі бұл ақпаратты растап, соңғы екі аптада қайтыс болғандар санының күрт артқанын мәлімдеді. 
Агенттік мәліметіне сүйенсек, аймақта күніне 50-ге тарта мәйіт жер қойнына тапсырылады екен. Ал ресми статистикаға сүйенсек, коронавирус пандемиясы басталғалы аталмыш дерттен аймақ бойынша 12 адам көз жұмған. 
Жерлеу агенттігі біршама уақыт бұрын аптасына 5-7 адамды соңғы сапарға шығарса, қазір тәуліктік көрсеткіш 40-50 адам шамасына жеткен. Және бұл көрсеткіш тек облыс орталығына тиесілі екен. 
Мамандардың айтуынша, бұрындары адамдар онкологиялық дерттен, жүрек ауруынан көз жұмса, қазір жерленіп жатқан мәйіттің барлығы дерлік өкпе қабынуынан бақилық болған. 
«Барлығы екі апта бұрын басталды. Бір күнде 17 адам, келесі күні 28, одан кейін 40-50 адам жерлене бастады, күніне. Өлім-жітім күрт артты, барлығы өкпе қабынуынан, пневмониядан көз жұмған. Кейбіреуі коронавирустан қайтыс болған», - дейді Жерлеу агенттігінің директоры Наталья Серова. 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру