Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды тәулік сайын мыңдап санайтын деңгейге жеттік. Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой локдаун тәсілін қолданбасақ, жағдайды бақылау тіпті мүмкін болмай қалатынын мемлекет басшысына жеткізген.
Қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсу көрсеткіші 2,5 пайыз деңгейінде тұр.
Алматы (86), Нұр-Сұлтан (56), ШҚО (52), Қарағанды облысында (50) тәуліктік көрсеткіш жоғары дәрежеде. Қазір Ведомствоаралық комиссия аталған аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайларға байланысты шаралар қолдану үстінде.
Елімізде коронавирус инфекциясын 22 308 адам жұқтырып, оның 13 008-і жазылып шықса, 188 адам бақилық болған.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 115 адамның симптомсыз науқас екені анықталған. Қазақстанда симптомсыз науқастардың жалпы саны 18 757 адамға жетті. 3-маусымнан бастап симптомсыз науқастар жалпы статистикаға кірмейтінін де айта кеткен жөн.
Басып шығару