Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, алты дәріхана дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен сатқан, ал кейбір дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауынсыз сатылған.
«Бақылауды жүзеге асыру барысында фармацевт "Трамадол" препаратын қымбат бағамен сатқаны анықталды. Аталған дәрі дәрігердің нұсқауы болған жағдайда берілетінін айта кету керек. Сонымен қатар, фармацевт дәрі-дәрмектің көп бөлігін үйінде сақтап келген», - Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев.
Тұрғылықты жерін тексеру кезінде 44 жастағы әйелден 2500-ге "Трамадол" мен 190 флакон "Тропикамид" тәркіленді.
Басып шығару